Алматының бір бөлігі жарықсыз қалып, көше у-шу

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының орталығы апатқа байланысты жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байланыс орталығының хабарлауынша, апат күрделі, жер асты ток кабелі зақымданған.

Сәтбаев – Құрманғазы – Достық –  Назарбаев көшелерінің қиылыс аумағында жарық жоқ. Әрине, бұл аумақта бағдаршамдар да істемей тұр.

Мамандардың жарықты қашан қалпына келтіретіні белгісіз.

Ауданда мобильді интернет те жұмыс істемей тұрғаны айтылады. 


Бұған дейін Ақтау тұрғындары жарық пен сусыз қалғаны хабарланған болатын. Маңғыстау облысының энергокомбинатында жабдықтар токтан автоматты түрде ажыратылып, соның салдарынан электр беру процесінде ақаулар орын алды. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі