Таиланда кеме апатқа ұшырап, екі қазақстандық әйел аурухағана түсті

Сурет: pixabay
Таиландта жылдам жүретін қайық Пхукет жағалауындағы мұнараға соғылды. Бортта Қазақстаннан барған 4 турист болған. Сыртқы істер министрлігі Zakon.kz тілшісін зардап шеккендердің қазіргі жағдайынан хабардар етті.

Қазақстанның Таиландтағы консулының айтуынша, оқиға кезінде қайықтағы жолаушылар арасында Қазақстанның 4 азаматы болған.

"Олардың үшеуіне медициналық көмек қажет болды. Дәрігерлер тексергеннен кейін екі жерлесіміз ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты, денсаулығы мен өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ". Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Барлық медициналық шығындарды кеменің иесі саналатын Тайланд компаниясы көтерді.

"Біздің консул зардап шеккен азаматтармен және жергілікті билікпен хабар алысып отыр". Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін апат кезінде 30-ға жуық шетелдік турист зардап шеккені хабарланған-ды.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды