Алматыда Аустралиядан келген турист жоғалып кетті: полиция іс қозғады

Сурет: Zakon.kz
21 мамырда аустралиялық турист Үлкен Алматы көліне қарай кетіп, байланысқа шықпаған. Шетел азаматының жоғалып кету фактісі бойынша Алматы полициясы іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинологтар арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлім етті.

"Шетелдік азаматты іздеу бойынша бағыт барлық полиция бөлімшелеріне берілді. Сондай-ақ еріктілердің ресурстары барынша пайдаланылып жатыр. Қолда ақпаратқа сүйенсек, Австралия азаматын 21 мамырда Үлкен Алматы көлігі аймағында көргендер бар. Ол ғарыш станциясына қарай бет алып бара жатқан". Алмалы ауданы полиция басқармасы басшысы Есен Ысқақов

Сондай-ақ тексеріліп жатқан аумақты ескере отырып, тікұшақ, республикалық жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылғаны айтылды. Дрондар бейне барлау жүргізіп жатыр.

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Жоғалып кеткен адамды көрген-білгендер болса, 8 701 357 92 91 нөміріне немесе полицияға хабарласуын сұраймыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?