Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қызғаныш себеп болуы мүмкін – прокуратура

Сурет: pixabay
Ақтауда әкесінің үш баласын өлтіруіне қатысты атышулы істе жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV телеарнасының мәлімдеуінше, прокурорлар ер адамның мұндайға баруына балаларын қызғануы себеп болуы мүмкін деп санайды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Данияр Төлегеновтің айтуынша, іс отқа жолданды. Тергеу екі айға созылды. 36 жастағы ер адамға 20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

"Облыс прокуратурасының зерттеу қорытындысы бойынша айыпталушы Есеновке қатысты 99-баптың 3-бөлігі ("Кәмелетке толмағандарды өлтіру") бойынша айыптау актісі жасалып, сотқа жіберілді. Кінәлі адамның әрекетіне бағаны сот береді".Данияр Төлегенов

2023 жылғы 23 наурыз күні Ақтауда пәтерлердің бірінен үш бала өлі күйінде табылды. Күдікті ретінде балалардың әкесі ұсталды. 

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін