Алматы облысында оқушыны зорлауға әрекеттенген мұғалім жұмыстан шеттетілді – Оқу-ағарту министрлігі

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігі Алматы облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кәмелетке толмаған қызды зорлауға әрекет жасағаны жөніндегі жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан 14 жастағы оқушы қызды зорлауға әрекеттенді деп күдікке ілінген 53 жастағы дене шынықтыру пәні мұғалімін тергеу барысы қалай жүріп жатқанын сұрады. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде кеңінен талқылан-ды.

Министр бұл жағдай ерекше бақылауында екенін, оған министрліктің Балалар құқығын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова жетекшілік ететінін айтты.
"Бұл жағдай күнделікті бақылауда. Айтайын дегенім, дәл осы факті анықталған бойда мұғалім жұмыстан шеттетілді, қазір тергеу жүріп жатыр. Бұл іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Тіркелді, бұл – қылмыстық іс". Насымжан Оспанова

Оның айтуынша, тергеу заң аясында жүріп жатыр, мұғалімді жұмыстан шығару мәселесін сот шешеді.

"Ең бастысы, мұғалім жұмыстан шеттетілді". Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Оқушы қыздан неліктен түнгі сағат 3-ке дейін жауап алынғанын сұраған кезде, Балалар құқығын қорғау комитетінің басшысы бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінен сұрауға кеңес берді.

Сонымен қатар ол қызға психологиялық көмек көрсетілгенін, комитет өкілдері қыздың ата-анасымен байланыста болып, оларға кеңес беруге көмектесетінін баса айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Оралда Lada Priora көлігін ұрлап, қашқандар видеоға түсіп қалған