Шымкентте сауда үйіне біреудің ұмытып кеткен жол сөмкесі дүрбелең туғызды

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына "Shymkent Plazа" сауда үйінің қызметкерлерінен белгісіз тұлға ғимарат ішінде күдікті жол сөмкесін қалдырып кеткені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына шұғыл түрде полиция, ТЖ қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы барды. Аз уақыт ішінде сауда орталығына келушілер қауіпсіз аумаққа шығарылып, оқиға орны қоршауға алынды.


"Оқиға орнына жеткен саперлар сөмкеде жарылғыш заттар бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде, сөмкеден жеке заттар табылып, оның иесі анықталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам әуежайға асығып, сауда үйінде жол сөмкесін ұмытып кеткенін айтқан" делінген полиция хабарламасында.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме