Ақтөбеде көлігінің жүк салғышына әйелдің денесін салып, екі күн жүрген жігіт сотта шынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған ер адам - 29 жаста, ал жүк салғыштан денесі табылған әйелдің жасы - 46-да. Негізінен, екеуі көңілдес болыпты. Бұл туралы айыпталушы жігіттің өзі сотта айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдікті сот алдында жауап бере бастады. 29 жастағы жігіт қанды қылмысқа "отбасымды жоғалтып аламын ба" деген үрейден барғанын айтады, деп хабарлайды КТК.

"Көлікте, алдыңғы жағында тұрғанда пышақтадым. Артқа қарап тұр еді. Оң жағынан тықтым. Содан кейін көз жұмып тыға бердім. Қай жеріне пышақ тыққанымды білмеймін", - дейді күдікті.

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Сотталушы Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін 46 жастағы әйелмен "бойдақпын, бұрын ажырасқанмын" деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып жүріпті. Соңғы кездесуінде марқұм күдіктінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған.

Айта кетсек, 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, әйелді 35 жерінен жарақаттаған. Онымен қоймай, мәйітін жүк салғышқа бүктеп салып, екі күн бойы жүріпті. Сот барысында сотталушы адам өлтіргенін мойындап отыр. Қылмыс жасағанын тәртіп сақшыларынан жасырып, тығылып жүргенін де айтып берді.

"Артынан ешкім көріп қоймасын деген оймен жүк салғышына қол-аяғын бүктеп салып, оқиға орнынан бой тасалаған және 2023 жылдың 25 ақпанына дейін, полиция қызметі әрекетін әшкерелегенге дейін мүрдені автокөліктің жүк салғышында сақтаған".  Мемлекеттік айыптаушы Елдар Әбиев
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған