Түркістан облысында турист құтқарылды

Сурет: ҚР ТЖ баспасөз қызметі
30 мамырға қараған түні Түркістан облысының құтқарушылары адасып кеткен туристті тауып, қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таулы аймақта адасып кеткен турист құтқару қызметіне хабарласып, топтан қалып қойғанын айтқан. Түркістан облысы ТЖ департаментінің "112" құтқару қызметіне 29 мамырда шамамен сағат 23.00-де түскен.

Түркістан облысы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 29 мамырда шамамен сағат 23.00-де Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының оңтүстік беткейінде турист таулы аймақта өз тобынан қалып қойып, адасып кеткені туралы хабар берген.

"30 мамырда түнгі сағат 01.00-де 1987 жылғы ер азаматты тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Туристке медициналық көмек қажет болған жоқ".Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомство Түркістан облысының таулы аймақтарында 2023 жылы бұл бірінші оқиға болып отырғанын айтып, тауға шыққанда қауіпсіздік ережесін сақтау керек екенін ескертті.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты