Шымкентте тәртіп сақшылары арқанға асулы тұрған ер адамды құтқарды

Сурет: polisia.kz
1 маусымда Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды дар жібінен босатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбекші АПБ-ның "102" арнасына әйел адам хабарласып, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан.

Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері Айдос Исмаилов пен Дәурен Раев оқиға орнына жетті. Жедел келген тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, одан секіріп аумақты шолу кезінде ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапқан.

Содан кейін Даурен, ер адам тұншығып қалмас үшін оны көтеріп, Айдос арқанды кесіп үлгерген.


"Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті. Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады