Семейде орман өртіне байланысты ТЖ режимі жарияланады

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Семей қаласы әкімдігі "Абай облысы Семей қаласының "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрттің шығуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешім әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты (Батпаев орманшылығы 66, 67, 55, 42 кварталдарда) аумағында өрттің шығуына байланысты, Семей қаласында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын", – делінген құжатта.

 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалды. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Шешім 2023 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Құжат сайтында 10 маусымға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы