Ведомство нақтылап өткендей, "марқұмдардың денесін тікұшақтағылар көктен байқаған, бірақ қызыл жалынға байланысты оларға жақындай алмаған".
"Олардың орман шаруашылығы қызметкерлері екендігінің ықтималдығы жоғары, өйткені олар техниканың жанынан табылды. "Қазақстан Ғарыш Сапары" деректері бойынша, өрттің ауданы 34 мың гектарды құрайды және қою түтінге байланысты бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін. Толық ақпаратты шұғыл штаб ұсына алады", - деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысындағы алапат өрттің алдын ала себебі жайдың түсуі болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
8 маусымда "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт шықты. Табиғи өрттің ауданы 9 маусымда 30 мың гектарға дейін ұлғайды. ҚР ТЖМ деректері бойынша, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11-і іздестіріліп жатыр.
Семейде орман өртіне байланысты ТЖ режимі енгізілді.
Алапат өртке байланысты Президент ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильинге Абай облысына шұғыл жетуін, табиғи апатқа қарсы күрес бойынша жұмысты басшылыққа алуын тапсырды. Ал Үкімет пен аймақ әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.