Шымкентте тағы бір жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Сурет: Zakon.kz
№103 бағыттағы қоғамдық көлік Бәйтереков көшесі бойындағы бағанаға соғылған. Оқыс оқиға 13 маусымда күндіз Халыққа қызмет көрсету орталығы маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автобус жүргізушісі Otyrar.tv тілшісіне бағанаға әдейі соқтығысқанын, себебі көліктің тежегіші істен шыққанын айтқан. 

Жол апаты кезінде автобус ішінде жүргізушіден бөлек жолаушылар да болған. Абырой болғанда олар зардап шеккен жоқ.

"Осындай қадам жасауыма тура келді. Жолдан шығып, бағанаға қарай рөлді бұрдым. Траекторияны есептеп, соған соғылдым. Әйтпесе басқа көліктерге соғылып, үлкен жол апаты болуы мүмкін еді", - дейді автобус жүргізушісі.

 

Айта кетсек, 8 сәуірде Шымкентте жүргізушісі жоқ №21 бағыттағы жолаушылар автобусы өздігінен жүріп кетіп, 6 адамды қағып кеткен болатын. Оның бесеуі көз жұмды. Оқыс оқиға бүгін автобус апатқа ұшыраған Бәйтереков көшесі мен Назарбеков көшесінің қиылысында болған. Жантүршігерлік жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды