Шығыс Қазақстан облысында бес жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Сурет: pixabay
Қылмыс Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданының Глубокое ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдікті қызға 13 маусым түсте азғындық жасаған, кейін Кожохово аулына кетіп, ізін жасырмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды әлеуметтік желілерде белсенді түрде тарата бастады. Елді мекендердің кіреберісіне полиция патрульдері қойылды.
"Бұл факті бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті Zakon.kz сайтына.

Ведомство Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.


Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі