Шымкенттің екі тұрғыны әлеуметтік желі арқылы терроризм идеологиясын насихаттаған

Сурет: pexels
15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес жұмыстары туралы айтып берді.

Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты Шымкент қаласының 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады: олар халықаралық террористік ұйымдар уағызшыларының ықпалына түскен.

"Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғаны анықталды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Олардың кінәсі куәгерлердің жауабымен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденген.

Сондай-ақ Атырау облысының тұрғыны "Т"-ға қатысты терроризмді насихаттау фактісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы Атырау қаласының №2 сотының үкімі заңды күшіне енді.

"Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикалды идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденді".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік қызметі 2023 жылдың басынан бері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғынын және шетел азаматын ұстаған.

Осы кезеңде сот органдары аталған фактілер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырған.


Шымкент
Ақтау
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін