Жетісу облысында 13 бас мал ұрлап, етін сатқан күдіктілер ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 12:34 Фото: Zakon.kz
Тоғыз эпизод, ұрланған 13 бас мал және 10 миллион теңгеге жуық шығын. Жетісу облысында полиция қызметкерлері бірнеше рет мал ұрлады деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Талдықорған қаласының 41 және 49 жастағы тұрғындары алдын ала ойластырылған жоспар бойынша әрекет еткен. Олар Ақсу және Ескелді аудандарындағы жайылымдардан ірі қара мен жылқы ұрлаған.

Малдарды сол жерде сойып, етін Талдықорған қаласына жеткізген. Кейін гаражда етті бөлшектеп, саудаға шығарған. Алайда полиция қызметкерлері күдіктілердің кезекті ұрлығын соңына дейін жеткізуіне жол бермеді. Ақсу ауданында жедел уәкілдер ұрланған етті гаражға жеткізу кезінде, яғни оларды қылмыс үстінде ұстады. Шамамен 600 келі жылқы еті тәркіленді.

Ұрланған мүлік заңды иелеріне қайтарылды. Полицияның дер кезінде араласуы нәтижесінде ұрланған еттің одан әрі сатылуына тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге қосымша шығын келтірудің алды алынды.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың 2025–2026 жылдары тіркелген мал ұрлығының өзге де деректеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Келтірілген жалпы шығын көлемі 9,6 миллион теңгеден асады. Екі күдікті де қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: