БҚО-да мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 15:35 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысты деген күдікпен екі ер адамды ұстады.

Олар Ақжайық ауданы аумағындағы жайылымнан ірі қара мал мен жылқы ұрлады деген күдікке ілінген. Күдіктілердің бірінің көлігін тексеру кезінде бір ірі қара малдың еті табылса, екінші күдіктінің тұрғылықты жерінен тағы бір малдың еті тәркіленді.

Сонымен қатар тінту барысында полиция қызметкерлері жануарлардың терілері мен қалдықтарын анықтады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты бес эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары олардың өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: