Екібастұзда жылу орталығындағы қазандыққа төбедегі бетон құлады

Сурет: gov.kz
2023 жылы 15 маусымда сағат 16.45-те "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ның Екібастұз ЖЭО-сында жұмыс істеп тұрған №5 қазандыққа төбенің темірбетон плитасы құлады. Оқыс оқиға кезінде ешкімзардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары кілт тоқтатылды.

Бұған дейін, 2023 жылы 11 маусымда жөнделетін №7 қазандық аумағында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын. 

"Ертең, 16 маусымда қазандықтардың үстіндегі шатыр конструкцияларына зерттеу жүргізу жоспарланған, оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады", делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Айта кетсек, Балқаш жылу электр орталығында апат орын алғаны хабарланған болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі