Алматы және Қарағанды облыстары ТЖД күштері тұрақты жұмыс орындарына қайтты

Сурет: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша Алматы және Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштер мен құралдар топтамалары тұрақты жұмыс орындарына кетті.

Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерді өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.

Оқиға орнында өрт толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтары орындарына тұрақты түрде су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жүзеге асады.

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт учаскелерінде ашық жану жоқ. Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз етеді". ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Өрт басталғалы бері барлығы 2 636 рет көлемі 7 747 тонна су төгілді.

Еске сала кетейік, 15 маусым сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жарияланды.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды