Маңғыстау облысында сегіз оқытушы жалған дипломмен сабақ беріп келген

Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысында сегіз оқытушы жалған құжатпен жұмыс істеген: оның бесеуі Ақтау колледжінде, үшеуі Қарақия ауданында. Бұл жөнінде Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган таратқан мәліметке сүйенсек, құқық бұзушылардың бірі екі жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.

"Қарақия ауданының соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындаумен қылмыстық жауаптылыққа тартты".Маңғыстау облысының прокуратурасы

Осы тектес құқық бұзушылық жасағаны үшін сот сол колледждің басқа екі оқытушысына үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.

Төрт эпизод бойынша полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

 Ақмола облысында тіркеуге заңсыз қойылған жүк автокөліктері анықталды. Өткен жылдың ақпан айынан ағымдағы жылдың сәуір айына дейін қылмыстық топ алғашқы мемлекеттік тіркеу алымын төлегені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, 62 жүк автомашинасын қазақстандық есепке қойған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды