Шымкентте әскери қызметкер қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2023 жылы 15 маусымда Шымкентте жүгіру жаттығуынан кейін әскери қызметкер қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына әскери қызметкер өлімінің мән-жайын айтып берді.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 15 маусымда 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес кедір-бұдырлы жердегі қашықтықты еңсеру бойынша әскери қызметкерлер арасында оқу-жаттығу өткізілген. 
"Шара аяқталғаннан кейін әскери қызметкер Бекжан Байжанов өзін нашар сезінгендіктен оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Одан кейін Шымкенттегі бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні сағат 17.15 шамасында әскери қызметкер қайтыс болды". Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін