Ресми хабарламада 2022 жылдан бүгінге дейін әрекет етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен әшкерелегені нақтыланған.
"Қылмыстық схема бойынша шаруа қожалықтары жоқ өнімді қайта өңдеу зауытына жеткізіп, оған субсидиялар төленіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үлестірілді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Агенттік ұйымдастырушы мен оның екі сыбайласы қамауға алынып, сот оларды 2 айға қамауға алу туралы санкция бергенін хабарлады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында қазақ күресінен "Қазақстан барысы" турнирін өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатына байланысты тексеру жүргізіп жатқаны мәлім болды.