Жетісу облысында ауыл мектебінің мұғалімдері жол апатына ұшырады

Сурет: Zakon.kz
Ескелді ауданы Көктөбе ауылындағы мектептің қоғамдық жұмысына "жегілгендер" жол апатына ұшырады. Көлік ішінде екі мұғалім, күзетші және мектептің шаруашылық меңгерушісі (завхоз) болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 шілдеде ауылдық мектепте Ескелді ауданының әлеуметтік осал отбасыларынан шыққан 600 балаға арналған балалар лагерін ашу жоспарланған. Алайда ұйымдастырушылар белгіленген мерзімге үлгермей, көрші ауылдан мұғалімдерді көмекке шақырған. 

Жұмыс аяқталғаннан кейін екі мұғалім, күзетші және шаруашылық меңгерушісі кері өз ауылдарына бет алған. Алайда олар мінген көлік орта жолда апатқа ұшырады.

"Көрші ауылдан келгендердің барлығы сағат 14:10-да ауылдан шығып кеткен. Көктөбе мен Ақын Сара ауылдарының арасы небәрі 15 минуттық жер. Бірақ мектеп қызметкерлері болған көлік сағат 16:30-дан кейін апатқа ұшыраған. Үйге қайтар жолда олар қайда соққан, ол жағы белгісіз. Дәл осы уақытта ауа райы бұзылып, бұршақ жауды. Мүмкін, жүргізуші қолайсыз ауа райы кезінде таудан түскенде рөлге ие бола алмай қалған шығар". Ескелді ауданының білім бөлімінің басшысы Мұрат Бектұров

Мектептің барлық қызметкерлері Талдықорғандағы ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар білім бөліміндегілер оқу орыны қызметкерлері ешқандай да жөндеу жұмыстарына "жегілмегенін" айтты.

Лагерьдегілер мектептегі техникалық қызметкерлерден ғана көмек сұраған. Ал мұғалімдерді демалыстан шақыру алу жайлы мүлде сөз болмаған.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты