Барлық отандық мұнай өңдеу зауыты отын жөнелтіп жатыр – ҚазМұнайГаз

Сурет: kmg.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанның барлық мұнай өңдеу зауыттарынан жанармай жөнелту жалғасып жатқанына сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 шілдеде сағат 18:25-те (Астана қ. уақыты бойынша) сыртқы желіден келетін электр энергиясының өшуіне байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты.

"Осыған байланысты кәсіпорынның сыртқы желілерден қуат алатын технологиялық қондырғыларының жұмысы тоқтады. ЭЛОУ-АТ-2 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы жұмысын жалғастыруда, өйткені ол кәсіпорынның жылу электр орталығында ішкі генерация есебінен электр қуатымен қамтамасыз етіледі", - делінген хабарламада.

Кәсіпорында мұнай өнімдерін өндіру жұмысы сыртқы желілерден келетін электр қуаты берілгеннен кейін және технологиялық қондырғылар қайта іске қосылғаннан кейін қалпына келеді. Электр қуаты берілген сәтте мұнай өнімдері зауыт қоймаларында сақталған қор есебінен жөнелтілетін болады. (автобензин – 26 000 тонна, дизель отыны – 33 000 тонна, сұйытылған мұнай газы – 1 200 тонна). Бұл көлем 7 күн бойы жөнелтуге жетеді.

Атырау мұнай өңдеу зауытының қысқа уақытқа тоқтауы нарықтағы жағдайға кері әсер етпейді, өйткені республикадағы АИ-92 және дизель отынының қазіргі қоры бір айға, ал АИ-95 қоры екі аптаға жеткілікті. Павлодар мұнай-химия зауытындағы жоспарлы жөндеуге және Шымкент мұнай өңдеу зауытының риформинг қондырғысындағы жұмыстарға байланысты ішінара тоқтауына қарамастан, кәсіпорындардан мұнай өнімдерін жөнелту жұмысы жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Астана уақыты бойынша сағат 18:29-да МАЭК-тің 1-ші энергия блогындағы апат салдарынан «KUS» ЖШС-нің газ-турбиналы электр стансасында генерациялық қондырғылар апатты жағдайда тоқтады. Мұның салдарынан «KPI Inc.» ЖШС-де электр энергиясы толық өшкенін хабарлаймыз.




Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады