Ақмолалық келін алаяқтықпен туыстарының атына несие рәсімдеген

Сурет: Zakon.kz
Ақмола полицейлері туыстарының атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеген “келінді” анықтады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 1 шілде күні Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл тұрғынынан өтініш түскен. Ол белгісіз адам оған және оның келініне алаяқтық жолмен онлайн-микронесиелер рәсімдегенін хабарлады.

Жәбірленушінің өзі оған несие берілгенін қарызы жайлы хабарлама келгенде ғана білген. Ол бірден банкке жүгінген. Мамандар ақпаратты растады. 2022 жылдың тамызында алынған несиенің жалпы сомасы - 251 мың теңге.

"Әйел адам барлық жағдайды анықтау үшін дереу полициядан көмек сұраған. Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жәбірленушінің бұрынғы келіні оны және өзінің абысынын телефонына суретке түсіріп, "жұмысқа қажет" деп айтқаны оқиғаға қатысты мән-жайларды анықтау барысында белгілі болды. Көп ұзамай полицейлер 30 жастағы бикешті анықтады", - делінген хабарламада.

Келіннің осы құқық бұзушылыққа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осыған байланысты полицейлер барлық азаматқа күмәнді өтініш бойынша жалғыз суретке түспеуді, жеке құжатты қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті