Шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 19 бала суға кеткен

Сурет: pixabay
ҚР ТЖМ ұсынған мәлімет бойынша, шомылу кезеңі басталғалы бері елімізде 59 адам суға батып кеткен, оның 19-ы бала. Суға батқандардың көбі үш өңірде тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, шомылу кезеңі басталғаннан бері су айдындарында 49 адам, оның ішінде 16 бала құтқарылды. Бұл ретте, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, шомылу кезеңінің басынан 59 адам суға батып кетті, оның ішінде 19 бала бар. Суға батқандардың көбі Алматы, Ақтөбе және Ақмола облыстарында тіркелген.

Қазақстанда шомылу және демалу үшін пайдаланатын 50 мыңнан астам су айдыны бар. Жыл басынан бері суда 103 адам құтқарылды, оның ішінде 43 бала, оның ішінде 85 адам ТЖМ, 16 адам куәгерлермен, 2 адам полиция күшімен құтқарылды.

"Бүгінгі күні ел бойынша 612 шомылуға рұқсат етілген орын анықталды, оның 167 коммуналдық және 445 жеке жағажайлар. 3 757 орын шомылуға тыйым салынған орындар деп танылды. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар осы орындарда 2 808 тыйым салу белгілерін орнатты, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мнистрлік өкілдерінің мәліметінше, күнделікті рейдтер барысында 2702 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды