Павлодар көшелерін жаңбыр суынан тазалау жұмыстары аяқталды

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ Павлодар қаласы көшелерін басқан жаңбыр суын сору жұмыстары аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала көшелерінен су сору жұмыстары сағат 13:50-де аяқталды.

Таңертеңгі сағат 8-ден бастап түрлі қызметтер қала көшелерінен 3000 текше метрден астам су сорып, сыртқа шығарды. 

"Қарқынды жұмыстарға азаматтық қорғау органдарының, Павлодар облысы ТЖД-ның қызметкерлері мен техниктері, сондай-ақ мотопомпалар мен өрт сөндірушілердің сорғы станциялары тартылды".


7 шілдеде жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Павлодар қаласында ашық аумақты: адамдар көп жүретін орындарды, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен көшелерді су басты. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз