Ақтөбеде жеті баланың басынан күн өтіп, екеуі ауруханаға жатқызылды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев басынан күн өту шағымымен 10 адам, оның ішінде 7 бала дәрігерлер көмегіне жүгінгенін айтты. Ауруханаға екі бала жеткізілді. Біреуі Қарғалы аудандық ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қатты ыстық кезінде дәрігерлерді шақырту саны орта есеппен 200-ге өсті.

Адам төзгісіз аптап ыстықтың бірнеше күнінде жедел жәрдемге жүгінушілер қатары күрт артқан. 

"Күн сайын 1000-1100 қоңырау келіп түседі, бұрын 800-900 қоңырау болатын. Артериялық гипертензия шағымы бойынша жедел жәрдем шақырту саны артты, 5 күнде артериялық гипертензияға шалдыққан 605 науқасқа медициналық қызмет көрсетілді. Әдеттегі күндерде, бұл реттені шағым саны 400-450-ді құрайды", деп "Диапазон" басылымы Исаевтың сөзін келтіреді.

Бұған дейін 12 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайтыны хабарланған болатын.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды