Жылыой ауданында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде "Жылыой су" мекемесінің 2 жұмысшысы кәріз құдығында қаза тапқаны анықталды. Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында осы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
"Жұмысшылардың құдыққа құлап кеткені туралы жергілікті тұрғыннан хабар сағат 9:42-де келіп түсті. Жөндеу жүргізу кезінде тереңдігі шамамен 7-8 метр болатын кәріз құдығына екі жұмысшының құлап мерт болғаны анықталды", деп хабарлайды жергілікті кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Мой город" басылымы.
Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің айтуынша, әу баста, жөндеу жұмысына негізінен 5 адамнан тұратын бригада тартылған.
"Жылыой Су" мекемесі қаза тапқан жұмысшылардың отбасына материалдық көмек көрсетеді.