Шымкентте 150 адам қарбыз мен қауыннан уланды

Сурет: unsplash
Кейінгі бір айда Шымкентте жұқпалы аурулар мамандары қала тұрғындарының бақша дақылынан улануының көбейгенін тіркеді. Осы аралықта жүзден аса адам қарбыз мен қауын жеп, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамақтан улану өскенін шымкенттік дәрігерлер анықтап отыр. Оның тең жартысы қарбыз бен қауыннан болған. Адамдардың қауыннан улануына не себеп екенін айту қиын. Нитраттар немесе өнімдерді сақтау шарттарының дұрыс болмауы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы 24kz жазды.

"Кейінгі бір айда үш жүзден астам науқас түсті. Соның ішінде 150-ге жуық адам қарбыз бен қауыннан уланған. Көбіне ересектер. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияға тапсырдық, олар бұл мәселені әрі қарай қарайды".Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Баян Рыстаева

Санитар дәрігерлер бұл аралықта нитраттан улануды тіркемегенін айтады. Егер мұндай жағдайлар болса, онда қарбыз бен қауын жеткізушілерге айыппұл салынады. Ал әзірше дәрігерлер сауда орындарында қауын-қарбызды тексеріп жатыр. Жыл басынан бері нитраттардың екі мың сынамасы алынды. Заң бұзушылықтар болған жоқ.

Бұған дейін Павлодарда алты адамның қаладағы дүкендердің бірінен сатып алынған өнімнен уланғаны белгілі болған. Оған сауда орнындағы санитарлық нормалардың бұзылуы себеп.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды