Алматы облысында 250 адам жер сатып аламын деп миллиондаған теңгеге алданып қалды

Сурет: Zakon.kz
Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында 250 адам жер сатып алу кезінде алаяқтардың құрбаны болғанын айтып шағымдануда. Жұрт белгісіз ер адамға кемінде екі миллион теңгеден берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам тұрғындардан ақша жинап, биыл көктемде жер телімдерін арзандатылған бағамен беруге уәде еткен. Алайда ол сол күйі хабарсыз кеткен. Зардап шеккен тұрғындардың әрқайсысы оның шотына кемінде екі миллион теңгеден аударған.

"Біз оны бірнеше айден бері іздеп жүрміз, ол кейбір адамға мекенжайын қалдырған, кейбірімен мәмілені бір нотариалды түрде растаған, бірақ оны табу мүмкін болмай кетті. Біз полицияға хабарластық, бірақ олардың тарапынан ешқандай әрекет көрмедік. Алданғандар арасында қарапайым адамдармен қатар, қарттар, мүгедектер, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын адамдар да бар", – деді Zakon.kz тілшісіне аты-жөнін атамауды өтінген ашулы азаматтардың бірі.

Талғар ауданының әкімдігі бұл тұрғындардың жеке шаруасы екенін айтты.

"Бұл жағдайда азаматтық-құқықтық қатынас орын алып отыр. Бұл мәселелерге әкімдік араласа алмайды", – деді аудан әкімінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Ал, аудандық полиция бөлімі зардап шеккендерден арыз түспегенін айтты.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы