Павлодар облысында өрт кезінде 16 бас ұсақ мал арам қатты

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
14 шілдеде тексеру іс-шаралары барысында дала өрті салдарынан Марғұлан ауылындағы "Қуаныш" шаруа қожалығының ұсақ малының тең жартысы өртеніп, көбісі күйіп қалғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 шілдеде сағат 9:25-те Марғұлан ауылы маңында құрғақ шөптің өртенгені белгілі болды. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметтері, ерікті өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар аттанды.

Тілсіз жау 14 шілдеде сағат 07:35-те толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жұмысына екпінді жел кедергі келтірді.

"14 шілдеде жүргізілген тексеру барысында далада болған өрт салдарынан Марғұлан ауылындағы "Қуаныш" шаруа қожалығының ұсақ малдары жартылай жанып, көптеген қойларды күйік шалғаны анықталды. Дала өртінен кем дегенде 16 ұсақ мал арам қатқаны белгілі болды", делінген төтеншеліктердің хабарламасында.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі 12-14 шілде аралығында құзырлы ведмствоға қарасты Екібастұз гарнизоны өртті сөндіруге 10 рет шақырту алғанын нақтылайды.

Айта кетсек, алдында "Ертіс орманы" резерватындағы өрт оқшауланғаны хабарланған болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды