Павлодар облысында сиырлар жаппай қырылғаны анықталды

Сурет: Zakon.kz
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айдар Увалиев облыстың солтүстігіндегі Железин ауданындағы "Асан" шаруа қожалығында 37 бас сиыр өлгенін айтты. Бұл шаруашылықта қой мен жылқы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, малдың барлығына вакцина егілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер базасына енгізілген. Алдын ала бағалау бойынша, жануарлар уланған.

"Шөптен уланған деп күдіктеніп отырмыз. Жақын жерде картоп өсірілетін суармалы алқапта Колорадо қоңызына қарсы дәрі-дәрмек себіліп жатыр. Шөптен бөлек, жайылымдардан су сынамалары мен патологиялық материал алынды", - деді ведомство басшысы Pavlodarnews.kz-ке.

Нақты диагнозды облыстық ветеринарлық зертхана белгілейтіні атап өтілді. Өлген жануарларға екі инсинераторда утилизация жасалды.

Бұған дейін сәуір айында Қазақстанның екі облысында 650 киік өлексесі табылғаны хабарланған еді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды