Көліктегі полицейлер Жамбыл облысындағы рельс ұрлау фактілерін жасырып келген

Сурет: pixabay
"ҚТЖ" ҰК" АҚ Қарағанды ​​филиалында Жамбыл облысы аумағында бір топ адам теміржол рельстерінің жағдайын жақсартуға бағытталған материалдарды ұрлағаны анықталды. Бұл жөнінже Zakon.kz сайтына 2023 жылғы 19 шілдеде Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстао таратқан ақпарат бойынша, бұл учаскіде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам шығынмен барлығы 17 эпизод тіркелген.

"Тергеудің пікірінше, осы тізімдегі 13 ұрлық "Тараз" станциясындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғаларымен есепке алудан жасырылған. Көбінесе қолданыстағы теміржол желілерінің 5 мыңнан астам "ФОССЛО" бекіткіштері ұрланған".Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Бас көлік прокуратурасының мәлімдеуінше, бұл негізгі бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамамасыз етуге арналған.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялануға жатпайды.


Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды