Әкімдіктің дерегінше, олар Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарындағы қаладан 50 шақырым радиуста орналасқан бірқатар елді мекендерді қамтиды.
Маршруттар Жетісу базары – Дәулет ауылы, Алматы-1 вокзалы – Туғанбай ауылы, Нұра, Алматы-2 вокзалы – Тұздыбастау ауылындағы "Сұлтан" кешені, "Райымбек батыр" метро стансасы – "Райымбек батыр" стансасы бағыттары бойынша жүреді. Еламан ауылы, "Саяхат" автовокзалы – Қарой ауылы, "Сәлем" Солтүстік айналма базары – Исаево ауылы, "Адем" сауда үйі – Батыр ауылы. Сонымен қатар Төле би – Яссауи көшелерінің қиылысындағы бұрылыс алаңынан Қарғалы, Шамалған және Мыңбаев елді мекендері бағытында бірнеше бағыт ұйымдастырылады.
Бұл ретте биыл №9 жаңа қалалық бағыт ашылса, кейін №97 және №89 екі жаңа бағыт ашылады деп жоспарланып отыр. Жаңа бағыттар әлеуметтік маңызы бар коммуникациялар санатына жатқызылып, тұрғындар үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидияланады.
"Айта кетейік, "Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" бағдарламасына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласы әкімдігі қала маңындағы 30 жаңа бағытты ұйымдастыруды жоспарлап отыр.Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде қалалық ұтқырлық басқармасы маршруттарды бекіту және оларды әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізіліміне енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжатпен www.legalacts.kz Ашық құқықтық актілер порталында танысуға болады. Тасымалдаушыны анықтауға арналған конкурс және аталған бағыттардың іске қосылу мерзімі құжатты қала мәслихаты бекіткеннен кейін анықталады.
Бұған дейін Алматы әкімдігі қала тұрғындарын әл-Фараби даңғылындағы жөндеу оқу жылы басталғанға дейін аяқталады деп сендірген еді.