Оқу-ағарту министрлігі саунадағы лагерьді "немқұрайлы тірлік" деп атады

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова сауна аумағында орналасқан атышулы балалар лагеріне қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитет басшысы кез келген лагерь іске қосу алдында санитарлық-эпидемиологиялық стансаның қорытындысын алуы, қауіпсіздік ережелерін сақтауы, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы, ас мәзірін бекітуі керек екенін және мұның бәрі дайындықтың бір бөлігі ғана екенін айтты.

Сонымен қатар балаларды лагерьге шығарар алдында қалалық білім басқармасы сол жерге барып, оның барлық талапқа сәйкестігін тексеруі керек.

"Алайда, Алматы қаласы Білім басқармасы бұл әрекетке барған жоқ. Бұл – немқұрайлылық. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша, барлығы мүлде талапқа сай болып шықты, компания тендерді шынымен ұтып алды. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық станциясы "БелРичи" ЖШС-ға рұқсат берген. Анықталғандай, компания балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалған құжат бойынша тендерді ұтып алған", - деді Білім министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Атышулы оқиғадан кейін ішкі аудит басталып, компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Комитет Алматы әкімдігіне қалалық білім басқармасының қызметкерлеріне қатысты барынша қатаң шара қолдану туралы хат жолдауға бастамашы болды.

"Олар бізді шатастырды. "Арман дала" лагері деп жазылыпты. Сол ауданда дәл осындай атаумен жақсы лагерь бар екенін бәріміз білеміз. Осылай Білім басқармасының қызметкерлері байқамай қалған. Біз оны мойындаймыз. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қызметкерлерге шара қолданылады", - деп түсіндірді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Балалар құқығын қорғау комитеті білім басқармасы "Айсұлу и Т" серіктестігінің "Тау самалы" лагерін тексермегенін, оның да көптеген заңбұзушылықтар анықталғанын қосты. Екі компания да мемлекеттік сатып алу рәсіміне алғаш рет қатысқаны айтылды.

Алматыдағы тұрмысы нашар отбасының балалары лагерьге тегін жолдама алған. Алайда олардың демалысы қорқынышты түске айналғандай. Себебі балаларды саунаның ғимаратына жайғастырған. Енді Алматы қалалық білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа бермек. Ал қалалық прокуратура екі бап бойынша тексеруді бастады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: