Ақтөбе тұрғыны колонияға зат беремін деп 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сурет: Ақтөбе облысы ҚАЖД
26 жастағы Ақтөбе тұрғыны колонияға кір жуатын сұйықтық әкеліп, оны ағасына тапсырған. Мекеме қызметкерлері сұйықтың ішінен белгісіз зат салынған пакет тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел жууға арналған гельді колонияға тапсырған соң, оны Ақтөбе облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тексерген. Сұйық кір жуғыш зат салынған қаптаманың ішінен олар қоңыр түсті заты бар пакет тапты. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әйел колониядағы ағасына есірткі берген деп күдіктенеді. Бұл туралы Диапазон жазды.

"Құқық бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша хаттама түзіліп, тергеу басталды. Сараптама қорытындысы бойынша белгісіз заттың есірткі заты екені дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін".ҚАЖД басшысы Руслан Оразбаев

Егер сараптамада есірткінің болмағаны анықталса, күдіктіге тағылған айып алынады.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі сотталғандар үшін жаңа форма үлгілерін бекіткен еді. Стандарттардың күшіне енуі туралы бұйрыққа 14 шілдеде қол қойылған.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі