Қостанай облысының полицейлері ресейліктен Kinder ішіне тығып қойған есірткіні тәркіледі

Сурет: pixabay
Қостанай облысының полиция қызметкерлері "Қайрақ" шекара бекетінде ресейліктен Kinder тәттісіне тығып қойған есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора – 2023" жедел алдын алу шарасы аясында "Қайрақ" автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан Kinder тосын сыйына салып өткізбек болған.

"Ресейге қарай шекараны кесіп өткен жолаушыны тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті есірткінің иісін сезді. Шетелдік азамат өзімен берге тыйым салынған зат бар екенін мойындап, ішінде үш грамм марихуана болған Kinder тосын сыйын берді", – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қостанай облысының полицейлері "Қарасора – 2023" жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды