"Өз анасын өлтірді" деген күдікке ілінген Павлодар қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Өз анасын өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған Павлодар тұрғыны іздестіріліп жатыр. Соққы белгілері бар әйелдің мәйіті өз пәтерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 шілдеде Павлодар қалалық Полиция департаменті Лермонтов көшесіндегі пәтерден ұрып-соғу белгілері бар 66 жастағы әйелдің денесін тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

"Қайтыс болған әйелдің ұлы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар қалалық ПД.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жарты жылға жуық ізделген әйелдің мәйіті табылған еді. Оның 15 жасар ұлы кісі өлтірді деген күдікке ілінген.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік