Оралда жаңа автобустар ел игілігіне берілді

Сурет: Орал әкімдігі
Орал қаласындағы қоғамдық көліктердің қатары жаңа көліктермен толықты. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, "Батыс Дилижанс" жолаушыларды тасымалдау компаниясы "Вектор Next" маркалы жаңа 7 автобусты сатып алды.

Жолаушыларға лайықталған жаңа қоғамдық көлікте автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылады. Сонымен қатар арнайы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус, электронды табло және бейнекамералармен жасақталған.


Сурет: Орал әкімдігі


Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа автобус кілттерін жүргізушілерге табыс етті.

Кейінгі екі жылда тасымалдаушы мекемелер "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы 3,2 млрд.теңгеге 79 жаңа автобус сатып алған. Автобустарды сатып алу есебінен жылжымалы құрамның тозуы 32%-ға дейін қысқарды. Бұл жұмыстардың бәрі әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау арқылы жүзеге асып отыр. Былтыр осы бағытта қалалық кәсіпорындарға 3,9 млрд теңге көлемінде субсидия берілсе, 2023 жылы 5,2 млрд.теңге беріледі деп жоспарланып отыр.


Сурет: Орал әкімдігі


Айта кетейік, биыл қалалық тасымалдаушы компаниялар 40 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған