Қарағандылық жігіт жас қыздың атын жамылған алаяққа алданып, 2 млн теңгесінен айырылды

Сурет: pixabay
Қарағанды ​​облысының 22 жастағы тұрғынының желідегі махаббат хикаясы 2 миллион теңге шығынмен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 шілдеде Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Абай ауданында 22 жастағы жігіт әлеуметтік желілердің бірінде бір қызбен танысқан. Олар мамырдан шілдеге дейін хат алмасып тұрады. Көп ұзамай жас жігіт желідегі қызға банк картасына 2 миллион теңге аударып жіберген. Қыз байланысқа шықпай қойғанда ғана жәбірленуші алданғанын түсінген.

15 шілде күні Абай аудандық полиция басқармасына алаяқтық бойынша арыз жазған. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол 27 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Күдіктімен беттескенде, сөйлесіп жүрген қызы еңгезердей еркек болып шыққанда жәбірленугі таң қалған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр". Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

СҚО-да бір айға жуық уақытта 40-тан астам интернет-алаяқтық тіркелді.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды