Абай облысы әкімінің жалған көмекшілері кәсіпкерлерден ақша жинап келген

"Абайлаңыздар! Алаяқтар!" Абай облысының әкімдігі Қазақстан халқына осындай үндеу жолдады. Өйткені облыста алаяқтықтың жаңа түрі тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстводағылар алаяқтар әлеуметтік желі арқылы әрекет ететінін атап өтті.

"Алаяқтар өзін шенеунік немесе облыс әкімінің көмекшісімін деп таныстырып, қаражат қайтарылатынын айтып, кәсіпкерлерден қаржылай көмек сұрайды". Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұндай жағдайлар Шығыс Қазақстан облысында да тіркелген.

"Бұл жағдай елдің кез келген басқа өңірінде де болуы мүмкін", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты Абай облысының әкімдігі ресми түрде мәлімдеп, ескертеді:

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мұндай хабарламаларға еш қатысы жоқ және облыс тұрғындарын алаяқтардың айла-амалына бой алдырмауға, қырағы болуға және барлық күдік тудырған жағдайларды дереу құзырлы органдарға хабарлауға шақырады".

30 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде бүгін қоғамда өзекті болып тұрған алаяқтық мәселесіне тоқталып, оларға ешқандай жеңілдек жасалмауы керек екенін ескертті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: