Көлік сатып алушыларды алдап, Ресейге қашқан қазақстандық елге қайтарылды
Фото: pexels
Қазақстан Бас прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандықтың Ресейден экстрадицияланғанын хабарлады.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2023 жылы интернет-сайттарда шетелдік автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар жариялап, жеті азаматтың ақшасын иемденген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript