20 жыл бойы Ресейде жасырынған қазақстандық елге қайтарылды
Сурет: Telegram/GenPr
20 жыл бұрын Халықаралық іздеу жарияланып, Ресейде жасырынған қазақстандық ұсталды. Күдікті жақында елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.
"ҚР Бас прокуратурасы адамдар тобымен қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Тергеумен күдікті 2006 жылы Павлодарда адамдар тобымен қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды".
Белгілі болғандай, күтіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
"2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды".
Құқық қорғау органы атап өткендей, қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
"Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген".ҚР Бас прокуратурасы
Бұған дейін ауқымды операция аясында Қазақстан мен Украина Одесса қаласындағы трансұлттық топқа соққы бергенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript