Ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Фото: pexels
Есірткіні сатқаны үшін сотталған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 13 тамызда еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, ол 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан.
"Күдікті 66 кг марихуана мен 8 кг гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған. Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталды",- делінген ақпаратта.
Дегенмен, кейіннен прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
"Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалап, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланып, 6 жылдан астам уақыт жасырынған". Бас прокуратура
Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, енді жоғарыда аталған жазасын өтеуі керек.
Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы қайта бөлінгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript