Шымкентте бір күнде 18 жерге есірткі қойып кеткен жігіт ұсталды

Сурет: polisia.kz
Еңбекші АПБ-ның “102” арнасына жергілікті тұрғын есірткі қойып жүрген жас жігітті ұстап алғанын айтып хабарласқан. Жедел тергеу тобының қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, тексерген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің жеке басын тінтігенде смартфонынан Telegram чат арқылы белгісіз тұлғамен хат алмасып, оның нұсқауларын бұлжытпай орындағаны анықталды. Кейін тәртіп сақшылары оның есірткі қойып кеткен жерлерін жеке-жеке тінтіп, жасырылған ұнтақтарды айғақ зат ретінде тәркіледі.

Құқық бұзушы бір күнде 18 орынға полиэтиленді пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тығып үлгерген. Сараптама қорытындысына сай тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені расталды.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Белгілі болғандай жас жігіт 3 айдан бері “курьер” болып жұмыс істеген және күніне орта есеппен 20-25 орамды қойып кетумен айналысқан", - деді Еңбекші АПБ қызметкерлері Polisia.kz-ке.

Қазір күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды