Астана әуежайында рейсінен кешігіп қалған әйел сойқан салды

Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 23 шілдеде жолаушы Астана-Шымкент рейсіне кешігіп келген. Сөйтіп өзін рейске жіберуді талап еткен әйел адам әуежай қызметкерін балағаттап, оларға тап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlyArystan Telegram арнасында өзін рейске жібермегенні үшін ашуланған әйел тіркеу үстеліндегі ауыр заттарды тіркеу бағанасының ар жағында тұрған қызметкерлерге лақтырып, балағат сөздер айтқаны хабарланған.

"Жолаушы өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, әуекомпания өкілдерінің біріне ауыр дене жарақатын келтірді", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шеккен әуе компания қызметкері емделіп жатқаны нақтыланады. 

Көліктегі полиция департаменті желілік полиция бөліміне Астана –Шымкент қатынасындағы рейс жолаушыларының біріне қатысты шаралар қабылдау туралы әуе компанияның супервайзерінен шағым келіп түскенін хабарлады.

"Тексеру кезінде елорданың 27 жастағы тұрғыны анықталды, ол полиция бөлмесіне жеткізбек болған желілік полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық"), 667-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша екі әкімшілік материал тіркелді". Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Бұдан басқа шешімдер қабылдау үшін құжаттар Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев