215 миллион теңге жинаған: Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушы шартты түрде бас бостандығынан айырылды

Сурет: freepik
2023 жылғы 3 тамыз күні Қаржылық монитринг агенттігінің баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Астана қаласында қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша Sincere Systems ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады.

Агенттік таратқан мәлімет бойынша, бұл ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, халықтан қаражат жинаған.

"Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды. Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Халықтан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңге болған.

"Сот үкімімен Sincere Systems ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі сіз және сіздің жақындарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе ҚМА call-орталығына хабарласуға болатынын ескертті.

2023 жылғы 1 тамыз күні Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысында Sincere Systems қаржы пирамидасының мүшелері әшкере болғанын хабарлады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды