Жарылыстың жан түршігерлік кадрлары Telegram-дағы арналардың бірінде жарияланды. Видеоны сезімтал адамдар байқап көргені дұрыс.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 3 тамызда "НДФЗ" ЖШС жұмысшылары дененің әр жерінен химиялық күйік алғанын растады.
"Қазір жұмысшылар Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Осы факті бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Апаттың мән-жайы мен себептерін тексеру барысында анықталады және қосымша хабарланады".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Өз кезегінде облыстық еңбек инспекциясы оқыс оқиғаның мән-жайын жариялады.
"Сағат 14:45 шамасында "НЖФЗ" ЖШС қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор алу кезінде екі жұмысшы фосфордың шашырауынан зардап шекті: 1991 жылы туған Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. Зардап шеккендер Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізіліп, оларға алғашқы медицина көмегі көрсетілді. Осы оқыс оқиғаны анықтау үшін арнайы комиссия құрылды".Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі
Бұған дейін ҚР Еңбек министрлігі 2023 жылдың алғашқы алты айында өндірістік жарақат алу 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4% төмендегенін хабарлаған еді.