Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, 7 тамызда қадағалаушы мекеме Ескелді ауданында газ тарту желісін салу жобасын жасау кезінде заң бұзушылықтар болғанын анықтады. Қағаздағы дерек пен іс жүзінде жұмыс көлемі мүлде сәйкес келмейтін болып шықты.
Жетісу облысының прокуратурасы талдау аясында 150 млн теңгеден астам сомаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен материалдарды анықтады.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен "Ескелді ауданының газ тарату желілерін салу" жобалық-сметалық құжаттамасында 75 км болат құбырларды төсеу жұмыстарын жүргізгені анықталды. Бұл ретте жұмыс жобасында көрсетілген жұмыс көлемі 26 км көлемінде бекітілгені көрсетілген, бұл сол орындарға барумен дәлелденген. Жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық - 49 км-ден астам желі.
"Прокуратураның актісіне сәйкес тапсырыс беруші негізсіз енгізілген жұмысты алып тастап, келісім-шарт сомасын қысқартты. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Бұған дейін қала прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласында 3,9 млрд теңгеден астам сома көлемінде заң бұзушылықтарды анықтаған еді.