Шетелдің бес азаматы Қазақстан мен Ресей арқылы Еуроодақ аумағына заңсыз өтпек болды

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9 тамыз күні таратқан мәліметіне сүйенсек, шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматтары Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген.

Ведомствоның мәліметінше, олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.

"Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

20 шілде күні Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп келгені белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін